Мектеп туралы ақпарат
Қобда орта мектебі туралы қысқаша мәлімет.
1973 жылы құрылған Қобда орыс
орта мектебі 530 орындықты, екі қабатты,жалпы көлемі 6320 квадрат метрді
құрайды.
Қобда орта мектебінің директоры Балгарина Гулбарам
Капеновна.
Бірінші қабатта оқу
кабинеттері орналасқан,мұражай,еңбек кабинеті,одан кейін жалпы көлемі 150
квадрат метрді құрайтын спорт залы,100 орындықты салтанат залы,кітапхана.
Екінші қабатта
физика,биология, 16 компьютермен және 1
интерактивтіқ тақтамен қамтамасыз етілген лингофонды -мультемедия кабинеті
сонымен қатар 7 интерактивтік тақтамен қамтамасыз етілген пәндік кабинеттер
орналасқан. Мектеп екі кезеңде жұмыс жасайды. Мектепте 30 балаға арналған шағын
орталық бар және
логопед,медбике,коррекциялық кабинет пен
социалдық-психологикалық қызмет көрсететін кабинеттер жұмыс жасайды.
2007,2009 жылдары республикалық бюджеттен 7 250,0 мың
тенге қаржы бөлініп мектеп физика және биология кабинеттерімен қамтамасыз
етілді, 2009 жылы мектепке республикалық бюджеттен 6 615,0 мың тенге қаржыға 7 интерактивтік тақталар
алынды.
2012 жылы мектепке 88988,5 мың
тенгені құрайтын қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Облыстық бюджеттен
65091,5 мың тенге, республикалық бюджеттен 23897,0 мың тенге қаржы
бөлінді.
12 жылдық білім жүйесіне көшу
мақсатында 2013-2014 оқу жылында ресурстық орталық ашылды. Мектептің
педагогикалық кадрлар құрамы мен материалдық базасы бұл үшін сәйкес келеді.
Ақсай НМ, Жарсай ОМ, И.Білтабанов ат ОМ, Сарбұлақ ОМ, Қосөткел НМ магниттік
мектептер болып анықталып, қазіргі таңда аталған мектептердің 58 оқушылары білім
алуда.
Комментарии
Отправить комментарий