Мектеп туралы ақпарат
Қобда орта мектебі туралы қысқаша мәлімет. 1973 жылы құрылған Қобда орыс орта мектебі 530 орындықты, екі қабатты,жалпы көлемі 6320 квадрат метрді құрайды. Қобда орта мектебінің директоры Балгарина Гулбарам Капеновна. Бірінші қабатта оқу кабинеттері орналасқан,мұражай,еңбек кабинеті,одан кейін жалпы көлемі 150 квадрат метрді құрайтын спорт залы,100 орындықты салтанат залы,кітапхана. Екінші қабатта физика,биология, 16 компьютермен және 1 интерактивтіқ тақтамен қамтамасыз етілген лингофонды -мультемедия кабинеті сонымен қатар 7 интерактивтік тақтамен қамтамасыз етілген пәндік кабинеттер орналасқан. Мектеп екі кезеңде жұмыс жасайды. Мектепте 30 балаға арналған шағын орталық бар және логопед,медбике,коррекциялық кабинет пен социалдық-психологикалық қызмет көрсететін кабинеттер жұмыс жасайды. 2007,2009 жылдары республикалық бюджеттен 7 250,0 мың тенге қаржы бөлініп мектеп физика және биология кабинеттерімен...